«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты еркін микрофоны


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық рухымызды мәңгі сақтау мақсатында қазақтың бас ақыны, ағартушы, классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, композитор Абай Құнанбайұлының туғанына – 172 жыл толуына орай «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты еркін микрофоны өткізді.

Мәдени шараның өткізілу мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау. Абай шығармаларын насихаттап, өмір жолымен таныстыру. Абайдың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарлаған дүниетанымдары мен сана сезімдерін өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болды. Мәдени шарада Қазақтың бас ақыны, ағартушы, классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, композитор Абай Құнанбайұлының өмір жолымен және шығармаларынмен кенінен таныстырылды.Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары, еліміздің жалынды жастары ақынның шығармаларын жатқа оқып, мәдени шараны қыздыра түсті. Айтып өтсек «Көзімнің қарасы»,«Қасиетті дұға», «Ауру жүрек соғада, ақырын жай», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Білімдіден шыққан сөз», «Қанжар», «Алланың сөзі де рас, өзі де рас», «Ғылым таппай мақтанба», «Ата-анаға көз қуаныш» атты өлеңдері жатқа оқылса, «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы» атты өлеңдерін ағылшын тілінде жатқа оқылды.Шара сонында кітапхананың оқу залының «Абай- қазақ поэзиясының асқақ биігі» атты кітап көрмесі әзірленіп, әдебиетеріне библиографиялық шолу жасалды.