Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» атты интелектуалды сайысы кітапхананың белсенді оқырмандарымен өткізілді.
Шараны өткізу мақсаты: Жас оқырмандарға туған өлкеміздің тарихы туралы тың мағлұматтар бере отырып, білім деңгейлерін көтеру. Туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды» деген болатын. Олай болса, жас ұрпақты отансүйіштікке тәрбиелеу үшін, алдымен Отан тарихын өлке тарихы жайлы жан-жақты мағұлматтар беру. «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» атты интелектуалды сайыс 4 – тур бойынша өткізілді.
1-ші тур: «Сыр – Алаштың анасы»
2-ші тур: «Ескерткіштер ел – мұрасы»,
3-ші тур: «Мәдниеті өскен ел – өркениетке көшкен ел»
4-ші тур: Бәйге атты турлары бойынша сайысқа түсті.