«Рухани ілімнің кәусар бұлағы» атты тарихи – таным сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Сыр елінде ізгілікті ісімен, жақсылық шапағатымен аты кең танылған, халық пір тұтып, құрметтеген аруақты тұлғалардың бірі- ғұлама Қалжан ахун Бөлекбайұлының туылғанына -155 жыл толуына орай «Рухани ілімнің кәусар бұлағы» атты тарихи-таным сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты: қазақ еліндегі діни- ағартушылық ойсананы қалыптастырып, дамытушы, 26 жыл бойы ислам дінін насихаттап, бала оқытып, ұстаздық етіп, халыққа қызмет жасаған Қалжан ахунның өмірдерегімен кең көлемде таныстыру, ХІ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында балаларды оқытатын діни оқу негізінде салынған Қалжан ахун мешітін насихаттау. Қалжан ахун – Сыр еліне әйгілі бір – туар діндар, ислам дүниесінің ғұламасы, көріпкел данышпан, зарыққандар мен тарыққандардың қалтқысыз қамқоршысы бола білген тұлға. Қалжан ахун діни ағартушылық және басқа да халық игілігі үшін атқарған қызметтері ішінде халықты отырықшылық мәдениетіне үйретуде үлкен еңбек еткен. Қалжан ахун Хиуа мен Бұқарада жоғары білім алған, ол туған еліне мешіт салып, халықтың сауатын ашып, оқу – ағарту саласында еңбегін сіңіргенін, өзінің шәкірттерін ежелгі Шығыстың жұлдыздары Фирдауси, Саади, Рудаки, Омар Хайям поэзияларының рухында тәрбиелейді. Шығыстың бай мұрасымен таныстырғандығы жайлы айтылып жан-жақты мағұлматтар берілді. Атақты Базар жыраудың Қалжан Ахунға арналған «Тілек» атты арнау өлеңін Болатбеков Нұрлыбек, замандасы Сәбит Салқынұлының «Ғұлама ғалым Қалжанға» атты өлеңін Аманкелдиев Хантемір мәнерлеп оқып берді. «Қалжан ахун – діни рух сепкен ғұлама» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.