«Туған жерім – жүрегіме жыр тұндырған» атты кездесу кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Туған жерім – жүрегіме жыр тұндырған» атты кездесу кешін өткізді.

Мәдени шараның мақсаты: Жерлес ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Шығармалары арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Мәдени шараны кітапханашы жүргізіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайлы айтып, рухани жаңғыру – кезең-кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалардың жалғасы іспетті. Бұл біздің қоғамға аса қажет дүние екенің айтып, ықылым заманнан Сыр өңірі мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттарға кенде болмаған, ұлы өнер иесі Қорқыт бабаның, Сыр сүлейлері атанған шоқ жұлдыздардың жалғасы, дарынды ізбасарлары жергілікті ақын-жазушыларымыз Асқар Тоқмағанбетов, Әбілда Тәжібаев, Қалтай Мұхамеджанов, Балашбек Шағыров, Қайырбек Асанов, Жадыра Дәрібаева, Мұхтар Сақтапов, Шахарбек Нұрсейітов және Ақтөре Ибрагимұлы таңыстырып өтті. Мәдени шарада Ақтөре Ибрагимұлы Балашбек Шағыровқа арналған «Өмірге арыз» және «Ақын» деген өз шығармасын жатқа оқыды. Шара барысында №35 мектеп –лицейдің 9 сынып оқушылары Ақжүнісова Томирис, Қуанышова Сымбат, Сүйіндікова Диана т.б. жергілікті ақын-жазушыларымыздың туған жерге арналған «Тереңөзек», «Туған елім мақтанышым», «Туған жер» өлеңдерің жатқа оқып, көкейінде жүрген сұрақтарын келген қонақтарға қойса, кітапхананың тұрақты оқырмандары Қындыбаев Аязбек пен Сүйібаева Сәнімкүл туған жер туралы қызықты әңгімелерін айтып, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдірді.