«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби портрет кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобасы аясында ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби портрет кеші лагерь тәлімгерлері мен демалушы оқушылар арасында өткізіліп, барлығы 55 адам қатысты.

Мәдени шара өткізілетін орын арнайы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың портреті, өмірі мен шығармашылығы туралы «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» атты тақырыпта арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ зиялыларының дәйек сөздері ілінді.

Мәдени шараның мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен айтып насихаттау, оқығандарын пысықтау, толықтыру. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға шақыру, өскелең жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге, білуге тәрбиелеу болды.