«Елбасы мақаласы – жас ұрпаққа бағыт береді» атты тақырыптық кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді» атты тақырыптық кеші өткізілді. Мәдени шараға мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары,мұғалімдер, зейнеткерлер қатысып, барлығы 28 оқырман қатысты.

Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына жариялаған мақаласын насихаттау, Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу. “Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі – ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ал мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс”, – деген Елбасы сөзін шараға қатысушыларға насихаттады. Шара барысында кітапханашы Қазақстанды дамыту секілді мақаланың басым бағыттарына тоқталып өтті. Қатысушылар мақалада көтерілген барлық өзекті тақырыптар жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Оқырмандар назарына «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыру» атты кітап көрмесі ұсынылып, таныстырылдық.