«Жүректен ашылған парақтар» атты жыр кеші


№1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша «100 жаңа есім» атты жобасын насихаттау мақсатында Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Сырдария ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Қайырбек Асановқа арналған «Жүректен ашылған парақтар» атты жыр кеші өткізілді. Шараға №210 мектептің 7 сынып оқушылары мен үкіметтік емес ұйым басшылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, Қайырбек Асановтың поэзияда үлкен орны бар екенін атап айтты. Асановтың ақындық дүниесі үлкен бір қазына. Ақынның туғызған құдіретті жырлары тыңдаушысы мен оқушысын әрдайым тамсандырған, әдебиет пен мәдениет әлемінде тың үн болып естілген, айта қаларлықтай жаңа оқиға болған. Одан кейін Қайырбек Асановтың өмірбаянымен таныстырылды. Кеш барысында оқушылар Қайырбек Асановтың өлеңдерін оқыды. Атап айтатын болсақ «Ұстазыма» атты өлеңін Болатова Баян, «Анама» атты өлеңін Сағатова Әйгерім, «Туған елім» атты өлеңін Камалбекова Ақмарал, «Күз» атты өлеңін Жарылқасынов Наурыз, «Көктем келді» атты өлеңін Астраханов Мағжан жатқа оқыды. Кеш соңында сөз кезегі кеш қонақтарына беріліп «Ардагерлер ұйымы» қоғамының төрағасы Әбенов Хайрулла ағай сөз алып, Қайырбек Асановтың белгілі ақын екендігін, ақынның шығармаларының негізгі өзегі- адами қасиеттер, әр түрлі тақырыптарында жазылғандығын, жазған өлеңдерінің оқырмандарға берер өнегесі мол екендігін атап айтты.Кеш соңында «Ақынын ардақтаған-ел бақытты» атты кітап көрмесімен таныстырылды.