«Мен Асқар ауылынанмын» атты әдеби-жыр кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында қазақтың көрнекті ақыны, сатира сардары, жерлесіміз Асқар Тоқмағамбетовтың өлең жырларын, шығармаларын насихаттау мақсатында «Мен Асқар ауылынанмын» атты әдеби-жыр кеші кітапхана оқырмандары мен жастар арасында өткізіліп, барлығы 37 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Жас оқырмандарды Сыр өңірінің перзенті, барша қазақ халқының мақтанышы, сатира жанырының негізін қалаушыларының бірі, ақын Асқар Тоқмағамбетовтің өмір жолы мен шығармашылығын кең көлемде таныстырып, насихаттау, поэзияға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп, ақынның өмір жолымен таныстырды. Ақынның туған жер тақырыбына жазылған « Туған ауылым» «Мұнай бер», «Түрксиб түйіскенде», А.Тоқмағамбетов шығармаларының елеулі бір бөлігі-мысалдар «Құлақ пен тымақ», «Желіккен жеңгейлер», сықағы «Сулуды сүйген суреткер», «Достық», «Жосалы сай», «Сұлулықтың бір сыры» атты шығармаларын нақашына келтіре оқып, айрықша көңілден шыққан оқушыларды арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, сый-сияпаттар табыс етілді.Сондай-ақ «Қырғи тілді Асқар ақын» атты кітап көрмесіне жасалып, библиографиялық шолу жасалды.