«Сырда маржан терген ақын»


«Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» дейді дана халқымыз. Халық айтса, қалт айтпайтыны белгілі. Қоғам байлығы үшін таптырмас құндылық болып табылатын кітап көзі қарақты оқырман үшін қашанда асыл дүниеге жатады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын таныстырып насихаттау,шығармалары арқылы жастарды шыншылдыққа, отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, кітапханаға оқырман тарту мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр өңірінің тумасы, зерделі, зерек туындылыр берген, байсалды ақын Қуаныш Баймағамбетовтың шығармаларын насихаттауға арналған «Сырда маржан терген ақын» атты поэзия үні өткізілді. Мәдени шараға жүйе кітапханаларының кітапханашылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Бақытұлы қатысып, жобаның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі. Мәдени шара барысында Қуаныш Баймағамбетовтың «Сырдың суы», «Көсемге серт», «Бұл зор айдан», «Жиырма бес жыл» атты өлеңдерін кітапхана қызметкерлері Г.Әбенова, М.Әлиева, Д.Пазылбековалар мәнерлеп оқып берді. «Сыр елі үшін шежіре болған ақын – Қуаныш Баймағамбетов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,библиографиялық шолу жасалды.