«Сыр өңірі – көне дәуір шежіресі» атты таным сағаты


Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Президентінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Сыр өңірі – көне дәуір шежіресі» атты таным сағаты болып өтті. Таным сағатына №36 мектептің 6-7сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Кештің өту мақсаты: Ауданымыздың өткенінен сыр шертер тарихи ескерткіштер – елдің, халықтың мәдени мұрасының өшпес бір бөлігі екенін айта отырып жас ұрпаққа өз тарихын білуге, тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштермізді- мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру болды. Шараны кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, ескерткіштерге кең мағлұмат берді. Сырдария ауданы тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Олай дейтініміз, Еуропа мен Азия елдері арасында қарым-қатынастың көпшілігі(керуен жолдары, елшілік көштері,т.б) ежелгі заманнан-ақ осы өңір арқылы өткен. Осыған байланысты бүгінгі Сырдария ауданының кейбір тарихи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б Vг) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығы және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаса, Птолемей (б.з.ІІ ғ) өз еңбектерінде Сырдария өзені туралы мәліметтер келтіргендігі жайлы айтылып насихатталды.