«Туған жерге туын тіккен бабалар» атты тарихи-таным кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазғы «Жалын» тынығу лагерінде биылғы 2017 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобасы аясында «Туған жерге туын тіккен бабалар» атты тарихи-таным кеші лагерь тәлімгерлері мен демалушы оқушылар арасында өткізілді, барлығы 68 адам қатысты.

 Мәдени шараның өту мақсаты: Сыр бойында жатқан бабалардың тарихымен, олардың ғажайып қасиеттері жайлы айтып таныстыру, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болған бабалар мұрасын насихаттап жеткізу. Киелі жерден шыққан Тапал, Қалжан, Садық, Өтеген Сайыпназар ахундар, Құлболды ишан, Ахмет ишан Оразайұлы, Мақсұт ишан, Әмір-Темір ишан және де басқа да атақты ғұламалар мен Шортанбай, Медетбай атты билер, Сәрсеке, Қайқы, Түлкібай сынды хас батырлардың ісін, үлгілі де өнегелі өмір жолдары жайында, дәлірек айтқанда, кешегі, бүгінгі, ертенгі қалар шежіре екендігін өскелең жас ұрпаққа айтып насихаттап жеткізу болды.