«Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін» атты поэзиялық марафоны


Сырдария аудандық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазғы «Жалын» тынығу лагерінде «Жыр-жауһар» клубы аясында, биылғы 2017 жылғы сәуір айындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасының аясында «Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін» атты поэзиялық марафоны лагерьдің тәлімгерлері, мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 125 адам қатысты. Мәдени шара өткізілетін жерде қазақ зиялыларының дәйек сөздері ілініп, арнайы «Сырдария-тұнған тарих, шежіре» атты кең көлемді бірнеше бөлімдерден тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 бөлім: «Туған өлкем – тұнған шежіре»

2 бөлім: «Олар біздің мақтанышымыз»

3 бөлім: «Сырдария-әдебиет алыптарының бесігі»

4 бөлім: «Тереңөзек – таланттардың өлкесі»

Мәдени шараның мақсаты: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өскелең жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштары оның ішінде жергілікті ақын-жазушыларының шығармашылығын кеңінен таныстырып насихаттау. Ауданымыздың Еңбек Ерлерін, Құрметті азаматтарын, ел таныған тұлғалардың үлгі де өнегелі өміржолын құрметтей білуге тәрбиелеу болды. Мектеп оқушыларына өлкетану бағытындағы «Өлке тарихы – ұрпақ мұрасы» атты әдеби-викториналық сұрақтар арқылы балалардың білім деңгейі мен дәрежесін анықтау және дамыту болды. Мәдени шарада Тереңөзек топырағынан түлеп, Сыр елінің ұлағатты ақындары атанған, ауданымыздың мәдениетіне, руханиятына, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына арналған кітапхананың «Жыр-Жауһар» поэзия клубының аясында өткізілгелі тұрған «Туған жерім мекенім, сені жырлап өтемін» атты поэзиялық марафонының негізгі мақсаты мен бағдарламасы туралы айтылып өтілді.