«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» атты жобасы


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана жанынан құрылған «Ізденсем, білсем» танымдық клубы жоспарлары бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында « Қазақстанның киелі жерлер географиясы» атты жобасы аясында Сырдан шыққан алғашқы дәрігер Әли Көтібаровтың жайлы зерттеулер жүргізе отырып, Батыс Еуропа, Батыс Қытай тас жолында Н.Ілиясов ауылынан 18 км жерде орналасқан «Көтібар» мұнарасына барып, мұнара тарихымен және Әли Көтібаровпен Итаяқ Көтібаров жерленген кесене басында болып қайтты.Клуб жетекшісі Жұмабеков Төребек ағайдың айтуымен кәзіргі бейіт орналасқан жерде бұрын ауыл болғанын өздері бала кездерінде осы Көтібар мұнарасында үлкен кітапхана болатын сол жерден келіп өзімізге керек кітаптарды алып оқып кейін қайтарып апарып қоятынбыз. Бұл мұнараны Көтібар Итаяқов әкесі Итаяққа арнап 1869 жылдары салғызған дейді сонда бұл мұнараға 148 жыл болып тұр.Осы мұнараның төбесіне Жұмағұлов Шеңгелбай деген ағай шығып азан шақыратын. Ал Көтібар Итаяқовтың өзі 1825 жылы дүниеге келген су мұрабы болып еңбек еткен, және осы Қызылорда қаласының қақ ортасындағы сарқырыма каналын сол кісі салғызған деп айтып өтті.Көтібар Итаяқов пен оның баласы Әли Көтібаров мұнара жанындағы кесенеде жерленген екен оны балалар барып көріп, молда құран бағыштады.Сөйтіп мұнара басында тұрып клуб мүшелері өздері бұрын білмей бейіт деп жүрген жердің мұнара екенің және қасындағы кесенеде өз ауылдарынан шыққан дарынды тұлғалардың тарихымен танысып қайтты. Осы зерттеудің нәтижесінде Сырдан шыққан дәрігер Әли Көтібаров туралы кітапша шығарылды.Сонымен қатар ауыл тарихына белгілі жер су аттарын зерттей отырып клуб мүшелері ауыл сыртында 7 шақырым жерде орналасқан «Шаққан төбе» асарына барып сол жерден «шаққан төбе» мен «Құлке туралы т Құтыбаев Мәжит ағайдан көптеген деректер біліп өздері жай төбе деп жүрген жердің ҮІІ-ІХ ғасырларда салынып үлкен асар болғанын естіп білді, «Құлке төбе» туралы кітапша шығарылды.