«Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты таным кеші


№1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты таным кеші болып өтті. Кешке №36 мектеп оқушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Кештің мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.