Айдарлы ауылдық модельді ктапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» бағдарламасы


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осы бағдарлама аясында Айдарлы ауылында көне «Асанас» қаласының орнына №139 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рахманқұлова Әсия апай және мектептің 9-10 сынып оқушыларымен саяхат жасалды Саяхат жасалудың басты мақсаты: Көне Асанас қаласының орнын көзбен көріп, Қожжан Қожа әулие тарихи-мәдени ескерткіштермен танысу. Асанас қалашығы VIII-XIV ғасырларда салынған деген болжам бар. Айдарлы ауылының оңтүстік батысына қарай 15 км қашықтықта ғалымдар Қалашықтың ішінде бірнеше қалалардың орналасқанын дәлелдеген. Саяхат жасалған жерлерде ескі қаланың орындары және қыш күйдіретін пештің орны бар, тарихи орындарды көріп «Асанас» кесенесіне құран бағышталды. Асанас күмбезінің қасында тағы бір мазар бар, оны шырақшылар Асанастың ерге тимей, қартайып өлген қарындасының бейіті екен дейді. Асанастың үлкен қала, мықты бекініс болғанын ғалымдар дәлелдеген. Сол тарихи қаланың орнын көзбен көріп қайтудың өзі бір ғанибет болды. Балалар тарихи қала орнын көздерімен көріп, қыш күйдіретін пештің ішіне түсіп, ертедегі ата-бабаларымыздың күйдірілген қыштарын қолдарымен ұстап көріп қайтты. Келесі саяхатымыз Қожжан Қожа әулиенің басына барып тілек тілеп,әулие басындағы кесенелермен шырақшы таныстырып,жақсы мағұлматтар алынды.