Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының жанынан құрылған «Ізденсем, білсем» танымдық клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге бағытталған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеуге олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру. «Өз Отан тарихын жаңғырту үшін, өз өлкеңді танып білу керек» – деген ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзін өздерінің ұраны етіп алған Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының жанынан құрылған «Ізденсем,білсем» танымдық клубының мүшелері Қоғалыкөл ауылындағы Құлболды ишан ата мазарына барып тағзым етіп қайтты. Қоғалыкөлден Шіркейліге баратын үлкен жолдың бойында, күншығыс жақ бетте орналасқан Құлболды ишан атаның басында шырақшы болып отырған ұрпақтары ишан ата туралы көптеген тарихи мәліметтерді келтіре отырып, алғашқы мазарды қам кесектен Тұрсынбай датқа салғызғаның, бырақ бұл күнде кесенің 2000-шы жылы жаңартылып,өңделіп қайта салынғанын айтты. Дүние-мүлікті керек етпеген, тек елдің бірлігі, адамзаттың татулығы, барлық тірлік Құдайдың құдіретінде екендігін түсіндірумен өткен «Құлболды ишан» ата туралы тың деректер тыңдап аруақты кісінің ұрпақтарынан бата алған клуб мүшелері әрі қарай Қоғалы көл ауылындағы шығыстан батысқа қарай бір, солтүстіктен оңтүстікке қарай біржарым шақырым жерді алып жатқан, археолог ғалымдар Мадияр Елеуов, Дөкей Талеевтердің басшылығымен зерттелген көне қала – Баршынкентке саяхат жасады.Қоғалы көл ауылының азаматы Асхаттың айтуынша қаланы зерттеу жұмыстары әлі аяқталмағаның ғалымдардың сол зерттеу кездерінде қару –жарақ, құрал –сайман жасайтын орынның және қыш кірпіштен қаланған мешіт-медресенің орнын ашып зерттеу жүргізілгені жайлы айтып берді.Клуб мүшелері де өздері ашылған қаланың орын көздерімен көріп, беті ашық бірақ әлі толық ашылмаған құмыраларды көріп таңқалып, өздеріде қаланың айналасынан қыш құмыра сынықтарын тауып алып қуанып жатты.Сонымен ел тарихын, жер тарихын және елден шыққан тарихи тұлғалар жайлы көп біліп, танығысы келетін «Ізденсем, білсем» танымдық клубының мүшелері бүгінгі күні өздері көрген естіген тарихи орындармен тарихи әңгімелерге риза болып, алғыстарын білдіріп, қуанышты сезіммен қайтты.