Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Сырға толы Сыр өңірі» атты жобасы


ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша Сыр елінің киелі жерлерініңнасихаттау мақсатында «Сырға толы Сыр өңірі» атты жобасы құрылып кітапхананың кішкентай оқырмандарымен Сыр елінің атақты рухани көсемі Қалжан Ахун Бөлекбайұлының өмір жолымен таныстыру мақсатында Қалжан ахун Медресесіне саяхат жасалды. Жобаның мақсаты: Жастарды ұлттық құндылықтарды ұлықтап,оқушылардың туған, кең байтақ даласына, халқына патриоттық сезімін туғызу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік арттыру.Сыр елінің киелі жерлері жайлы түсінік беру. Шараның мақсаты: Атақты дін қайраткері, ғұлама, дін ілімін жете менгерген ұстаздың өмір жолымен таныстырып, өмірін үлгі етіп, баба рухына тағзым ету. Оқушыларды туған жерге деген патриоттық сезімін арттыру. Мәдени шарада Сырдың күрең топырағынан ақын-шайырлар мен жыршы-жыраулар да, баһадүр батырлар мен би-шешендер де, елі имандылыққа ұйытқан ишандар мен ахундар да шықты. «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы білу тиіс.Еліміздегі тарихи-мәдени жерлерді қастерлеу, рухани жұтандықтан сақтап аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екендігі айтылды.Саяхатта Қалжан ахун медресесі жайлы шырақшы Әбішев Серікбай қызықты мағлұматтар беріп, ғұламаның отбасы жатқан зираттарымен таныстырып өтті.