Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі» атты тақырыптық кеші


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі» атты тақырыптық кеші мектеп-лицейдің 9-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып өткізілді.Ұлттық мәдениетті жоғалтпау үшін еліміздің әр азаматы елінің тарихын жақсы білуі керек. Ұлттық тарихымызды зерттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу тек зерттеушілер мен тарихшылардың міндеті деп қарамай, осы игілікті іске сіз болып біз болып атсалысуымыз керек – деп баса айта отырып, бүгінгі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сыр елінің өзінен шыққан көптеген ардақты тұлғалармен қайта табысып,тарих беттерін қайта-қайта ашқан жағдайымыз бар екеніне тоқталып өтті. Солардың бірі найзаның ұшымен, білектің күшімен ел қорғаған ер баба Текей Қарпықұлы жайлы Г.Әбенова таныстырса,бүкіл елге әйгілі үш би Төле би,Әйтеке би,Қазыбек бидің жолын қуған,от ауызды, орақ тілді Шортанбай би Ерубайұлы туралы кітапханашы Р.Құлмаханова сөз қозғаса, топты жарған ақын қыз Ұлбике Жанкелдіқызы мен қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов жайлы кітапханашылар С.Сейтен мен М.Әлиева кеңінен айтып, жастар үшін қажетті көптеген мағлұматтар берілді. Мәдени шараға №35 мектеп-лицейдің 9 «а» оқушылары да белсене атсалысып, шешен тілді, көркем жүзді ақын қыз Ұлбике қыз бен одан бірде-бір кем түспейтін айтыскер ақын Күдері қожа арасындағы қайым айтысты С.Ағыбай мен Е.Бақытбек шебер сахналаса, Қ.Есенкелдина «Біздің батыр бабалар» өлеңін нақышына келтіре жатқа оқыды,ал Н.Нұрланұлы мен І.Қайыржанқызы Шортанбай Ерубайұлының шешендік сөздерін оқи отырып,оның ұтымды тұстарына тоқталып өтті.Сөз кезегінде сонымен қатар жастар исі қазақ халқының қандай да бір дау-дамайда айтылған әділ шешімге тоқталған асыл қасиетіне қайран қалатындарына және өз бойларынан да болашақта бабалар қанындағы қадір- қасиеттің артуына сенімдерін білдірді.Мәдени шара соңында «Рухани жаңғыру айнасындағы ардақты есімдер атты кітап көрмесі таныстырылып, жаңадан 2 оқырман тіркелді.

 Қызылорда қаласында Әбділда Тәжібаев атындағы Облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханасының күні өтуіне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Кітапхана – білімнің күн шуағы» атты Сырдария ауданы кітапханаларының күні болып өтті. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби тәжірибе алмасу, аймақтық кітапханалардың инновациялық шығармашылығы мен кітапхана қызметінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Мереке аясында «Ырысты ел – тұнған тарих өлкесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Сансызбайқызы «Ырысты ел – тұнған тарих өлкесі» атты кітап көрмесімен таныстырып, аудан тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы шолу жасады. Тағылымды шарада жергілікті ақын Байрон Есенбаевпен «Сыр Байроны жырлайды» атты кездесу кеші өтті. Аудан кітапханашылары ақынның туындыларын оқып, оның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова құттықтау сөз сөйледі. Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ауылын жырлаған ақын» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.Аудан кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру көкжиегіндегі- Сырдария» атты әдеби- сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар аудан кітапханашыларының өнерін тамашалады.

Қазақ баспасөзі тарихында өзіндік орны бар, аймақтағы аға басылым саналатын облыстық «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газетіне биыл – 90 жыл толып отыр, осыған орай қос басылымның бас редакторы мен жауапты қызметкері Сырдариялық оқырмандарымен кездесті. Кеш барысында «Кызылординская вести» газетінің бас редакторы Қазбек Ботаев, «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев және газеттің арнаулы тілшісі Ғазиза Әбілда келелі әңгіме қозғап, газеттің өткені мен бүгінгі белесіне тоқталып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізудегі айшықты жұмыстарына тоқталды.Сөз орайында Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Д,Елубаев аға басылымның алғашқы саны ақиық ақын А.Тоқмағанбетовтың «Сыр бойы» атты өлеңімен жарыққа шыққанын атап айтты. Содан кейін газет уақыт талабына сай түрленіп,баспасөз бетінде орнықты ойлар қозғалып,арнайы беттер ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Кездесу кешін жүргізіп отырған аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Ақтөре Ибрагимұлы бүгінде аға басылымдардың мазмұны байып, оқырман көңілінен шығып келе жатқанын атады.Осы орайда сонымен қатар «Тіршілік тынысы» газетінің ауқымды тірлігіне да тоқтала отырып,кітапханамен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын жеткізді. Кездесуде сала ардагері М.Шілдебаев, «Тіршілік тынысы» газетінің жауапты хатшысы Ш.Нұрсейітов, спорт саласының ардагері М.Елеусінов аймақ басылымдарының бүгінде бәсі биік екеніне тоқталып, тілектерін жеткізді.Сондай-ақ аудандық орталық кітапхана директоры Г.Нұржакиева өңірге танымал аңыз адамдар туралы арнайы айдарлар ашу жөнінде ұсыныс айтты.