Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасында «Қорқыт ата және түркі әлемі» атты тақырыптық кеш өткізілді


«Қорқыт ата және түркі әлемі» атты тақырыптық кеш өткізілді. Шараны өткізілу мақсаты: Оқырмандарға Қорқыт өмір сүрген заманы мен ұрпаққа қалдырған мұралары туралы айту, түсіндіру.Қорқыт – ежелгі тайпаларының ІХ-Х ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген ойшылы, жырауы, қобызшысы, және «Қорқыт» эпопеясын тудырған үлкен эпос айтушысы –деп шараны кітапханашы Нұрышева Лаура кіріспе сөзбен ашып, жүргізді. Қорқыт жайында пікір айтқан алғашқы араб тарихшыларының бірі Ибн әл-Асир: «Қорқыт көшпелі түркі тайпаларын исламға тартқан екінші Мұхамед болды, өзі үшін оның өнері кертартпа»,-деді, Осыған орай, кейбір фольклористер күні кешеге дейін Қорқыттың діншілдігін, өмірге сенбейтіндігін әңгімеледі-деп кеш қонағы №137 мектептің қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Тұрсынбаева Асылзат айтып өтті.Шарада «Қорқыт мұрасы–әлемге ортақ қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Халық арасында Қорқыт жайындағы толып жатқан аңыз бар. Сондағы басты бір сарын –Қорқыттың ажалдан қашуы. Бұл оның жырларында да кездеседі. Біздегі Қорқыт жайындағы аңыздарды жинақтай келгенде, Қорқыттың бойындағы 3- түрлі өнер айқындала түседі. 1- ден ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы шаман.2-ші Қорқыт күйші, музыкант ең алғаш қобыз сарынын тудырған адам. 3-ші Қорқыт эпос айтушы, әйгілі жырау. Қорқыттың жырлары оғыз-қыпшақтардың ІХ-Х ғасырлардағы өмірінен қалған әдеби – тарих мұра деп –кешті кітапханашы қортындылады.Осындай маңызды шаралар жүйеге қарасты Шаған, Бесарық, Ақжарма, Қоғалыкөл Айдарлы, Амангелді ауылдық кітапханаларында «Көсем сөздің хас шебері- Қорқыт баба» атты өнер-тану кеші, «Қорқыт ата қобызы- қазақ музыка өнерініңбастауы» атты әдеби- музыкалық кеші,, «Қорқыт баба- түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты бір тұлға сағаты, «Қорқыт мұрасы- киелі қобыз» атты өнер сағаты және «Қорқыт ата және түркі әлемі» атты тақырыптық кештері дер кезінде өткізіліп насихатталды.