№1 филиал модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Қорқыт ата және түркі әлемі» атты тақырыптық кеші


Қорқыт мұраларын насихаттау мақсатында «Қорқыт ата және түркі әлемі» атты тақырыптық кеш болып өтті. Кешке №210 мектептің оқушылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан ардагерлері қатысты.Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, көне замандағы көрікті қалаларымыз сән – салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Ал ертеректе өмір сүріп, бүгінгі ұрпақпен рухани жан азығы арқылы жібін үзбей, байланыста жүрген ұлы бабаларымыз жайлы біліп жүру әрқайсысымыздың борышымыз. Міне осындай ұлы ғұлама адамдарымыздың бірі, әрі бірегейі Қорқыт бабамыз деді. Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен деп Қорқыт жайлы мағлұмат айтып өтті.Одан кейін оқушылар Ә.Тәжібаевтың «Кезіп-кезіп» өлеңін Маханова Меруерт жатқа айтса, «Қорқыт-қобыз» өлеңін Темірбекова Ақниет орындады. Одан кейін оқушылар Қорқыт бабаның нақыл сөздерін бір топ оқушылар жатқа айтты. Шара барысында әуез мектебінің оқытушысы Сәдуақасов Марат осынау соңғы күйі «Башпай» куйін орындады.