Сырдария аудандық балалар кітапханасында «Сен деп ән саламын туған өлкем» атты әдеби-жыр кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласынд ұсынылған «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Сен деп ән саламын туған өлкем» атты әдеби-жыр кешін № 35 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырып өткізілді. Мақсаты:Туған өлкеміз қасиетті Сыр жерінің тарихы мен бүгінгі жайын өскелен ұрпаққа кеңінен таныстыру. Оқушыларды елін, жерін сүйге тәрбиелеу. Мәдени шараны кітапханашы Оразымбетова Жанар жүргізіп, Туған өлке әрбір адамға ыстық болуымен қатар, халқымыздың басынан кешкен сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін асыл мұра. Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланының кәзіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек, «туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, Алаш арыстарының еңбегін де ұмытпай, соны негізге ала отырып, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету басты парыз деп кіріспе сөзбен ашты. Шара барысында оқушылар туған жер туралы мақал-мәтелдер, сондай-ақ жергілікті ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айтты, айтып өтсек Төленова Анар М. Сақтаповтың «Тереңөзек», Алмасқызы Данила Ибрагимұлы Ақтөренің «Туған жерім мақтанышым». Сонымен қатар Оразбаева Арайлым қазақ күйі «Балбырауын» атты күйін орындап берді. Шара сонында «Туған жер –тұғырым» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасады.