Айдарлы ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әбу Насыр Әл-Фараби – кемеңгерліктің ұлы тұлғасы» атты тарихи кеші


Айдарлы ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен Коворкинг орталығында мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен 2020 жылы “Әлемнің екінші ұстазы” атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай «Әбу Насыр Әл-Фараби – кемеңгерліктің ұлы тұлғасы» атты тарихи кеші өткізді. Бұл кештің мақсаты: Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің шығармаларын көпшілікке насихаттау. Жастарды ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Кеш барысында кітапханашы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып, мағұлматтар беріп өтті. Мектеп оқушылары ақынның трактаттарымен мен Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған арнауларды мәнерлеп оқып, көпшіліктің көңілінен шықты. 10 сынып оқушылары Шанжархан Назерке мен Биғали Жібек ғұлама ойшылға арналған «Фарабидің толғауы», «Әл-Фарабиден бір сөз» атты арнауларын мәнерлеп жатқа оқыса, Тәжібай Айзере мен Ергешбай Жанбота «Фараби күні», «Фараби біздің бабамыз» атты арнауларды мәнерлеп оқып берді. №139 орта мектептің кітапханашысы Смайлова Бота Әл-Фарабидің нақыл сөздері жайлы жан- жақты мағұлматтар беріп, Әл-Фарабидің кітаптарын көбірек оқып, құнды дүниелермен танысу жастар сендердің міндеттерің, көп оқып, көп ізденсеңіздер мол табысқа жетерлерің анық дей келе жастарды көбірек кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Кеш соңында кітапханашы оқырмандарды «Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама» атты кітап көрмесімен таныстырып кітаптарға библиографиялық шолу жасады.