Асқар Тоқмағамбетов ауылдық №5 филиал модельді кітапханасында “Ұлы ұстаздың – еңбек жолы” тақырыбында тарихи-таным сағаты


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық №5 филиал модельді кітапханасында дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл, замандастары құрметтеп “екінші Аристотель” деп атаған қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жыл толуына арналған “Ұлы ұстаздың – еңбек жолы” тақырыбында тарихи-таным сағат өткізіліп, шараға жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Мақсаты: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын насихаттау. Шара барысында оқырмандар Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан кеңінен танысты. Оның “Ғылымдардың шығуы”, “Ғылымдар тізбегі” атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар Әл-Фарабидің нақыл сөздерімен таныстырылып, слайд арқылы “Әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы не білесіздер?”тақырыбында толық мағлұмат алды. Соңында оқырмандар өздерінің сұрақтарын қойып, ой бөлісті.Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға арналған өлең шумақтарын мектеп оқушылары оқыды.Бақытбек Қорған «Қағаздың түсіп бетіне» 6- сынып,Мұратбек Мәди «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» 6-сынып,Бәйділдаев Шахназ «Қашықтасын» 7-сынып,Әбіләкім Нұрдәулет «Жайнаған бейне» 7-сынып,Нұғымадилла Нұржан «Тамылжып бал тыныштық» 8-сынып,Бақытжанұлы Ақылбек «Бауырын қанша сүйгенмен» 9-сынып,Ахметбек Самира «Әл-Фарабиге арнау» 9-сынып,Базарбаева Ақниет «Әл-Фарабиге арнау» 10-сынып. «Әбу Насыр Әл –Фараби-өркениет философы» атты кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды. Кітап көрмесінде Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметін жайында баяндайтын кітаптар, фотосуреттер, дәйексөздер ұсынылды.