Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыптық кеші


Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыптық кеш кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылардың қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға, мұраларынан нәр ағызып, Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірі мен еңбек жолын, ғұламаның мұраларын насихаттау. Шараны кітапханашы жүргізіп, түркі әлемінің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өміржолымен ғылым жолындағы еңбектерімен таныстырып өтті. Шара барысында 7 сынып оқушылары Қайратқызы Анель, Төлегенова Альбиналар жазушы Ақжан әл-Машанидің «Фараби біздің бабамыз», «Әл Фараби – Әл – Машани» атты өлеңдерін оқыды. Талғатқызы Назерке Әбу – Насыр әл – Фарабидің нақыл сөздерін оқыды. Кешке қатысушы қонақтар ауыл ардагерлері Жағыбпаров Абат ата, Жанқуатова Вера апа, Өксікбаева Базаркүл апа, Сарыбаева Гүлнұр шараға қатысып «Әбу Насыр әл – Фараби өте кішіпейіл, барға қанағат қылатын, қарапайым киінген ер мінезді болған жан»,- деп өз ойларын ортаға салды. Кешке «Үкілі домбыра» үйірмесінің қатысушылары «Гүлдер – айым» мен «Көкек» әндерін орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңын кітапханашы қорытындылап «Түркі әлемінің ұлы перзенті – Әбу Насыр әл – Фараби» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Нәтижесінде екі оқырман жаңадан тіркелді.