«Даналық ойдан шыққан – кемел ойлар» атты әдеби кеші


Тамыз айының 28 жұлдызында «Даналық ойдан шыққан – кемел ойлар» атты әдеби кеш онлайн режимде өткізілді. Мәдени шара «Әл- Фараби – кемеңгерліктің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесін таныстырудан басталып, көрмедегі бірнеше әдебиеттерге шолу жасалды. Осы орайда биыл 2020 жылы кітап қорына келіп қосылған әл-Фараби еңбектерінің 7 томдығы оқырман назарына ұсынылып өтті. Келесі кезекте кітапхана қызметкерлері С.Сейтен, М.Әлиева, Р.Құлмаханова, Л. Жұмабаевалар және кітапхананың тұрақты оқырмандары С. Ермашова мен А. Кеңес ұлы ғұламаның рубайлар түрінде жазылған бірнеше өлеңдері мен нақыл сөздерімен таныстырып өтті.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Четверг, 27 августа 2020 г.