Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл–Фараби және оның мұралары» атты тақырыптық кеші


Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл–Фараби және оның мұралары» атты тақырыптық кеш кітапхана оқырмандары мен оқушылардың қатысуымен өткізілді. Мәдени шараның мақсаты оқырмандарға, жас ұрпаққа әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен ұлы ғұламаның мұраларынан нәр алып, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, насихаттау. Мәдени шараны кітапханашы ашып, кіріспе сөзбен тарихымыздағы ірі тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл–Фарабидің 1150 жылдығы екенінен хабардар етті. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол жүз алпысқа жуық трактат жазғандығы жайлы мағлұмат берді. Ауыл әкімі Ж.Қожахметов ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолына шолу жасап, ұлылардың еңбектерін насихаттау біздің міндетіміз деді. Кітапхананың тұрақты оқырманы зейнеткер ұстаз С.Төребаева Әл –Фарабидің ғылыми мұралары орта ғасырдағы олқылығы мол заманның жемістері, сондықтан оның тұжырымдары мен әлеуметтік-этикалық, эстетикалық концепциялары сол дәуірдің дәстүріне, тәліміне әуендес болып келген деп өзінің тұщымды ойларын айтты. Сонымен қатар кешке қатысушы кітапхана оқырманы Искаков Жандос та Әл-Фарабидің мұраларының адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген еңбек екенін айтып өз ойын білдірді. Шара барысында Әл-Фараби мен Абай сабақтастығы да айтылып, екі ұлы ойшылдың рухани көздерінің бір арнаға тоғысып жатқандығы айтылды. Кітапхананың жас оқырмандары Мұратқызы Мерей және Әлібекқызы Қарақат Ақжан әл – Машанидің «Фараби біздің бабамыз», «Әл –Фараби – Әл-Машани» атты өлеңдерін оқып берді. Кеш соңында «Әбу Насыр Әл-Фараби – кемеңгерліктің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Нәтижесінде 2 оқырман тіркеліп, 5 кітап оқуға берілді.