Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және оның мұралары» әдеби дәрісі


Оқырмандарға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фараби өмірі мен еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан – жақты ерекше тұлға болғандығын айта отырып, ғалымның еңбектерімен таныстыру және тракттарын насихаттау мақсатында Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және оның мұралары» атты тақырыпта әдеби дәріс сағаты өткізілді. Кітапханашы ғалымның өмірімен шығармашылығы туралы «Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері» атты тақырыппен шығармалары мен трактары жайлы пікір алмасты. Шара барысында ғалым, фарабитанудың негізін салушылардың бірі Ақжан әл-Машанидің «Фараби біздің бабамыз» және Фарабидің «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Қашықтасың» атты жыр жолдарын оқушылар жатқа оқыды. Шара соңыңда кітапханашы «Шығыстың ұлы ойшылы-Әбу Насыр Әл- Фараби» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.