Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыптық кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Халыққа Жолдауында айтылған Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астраном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеуші Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын насихаттау мақсатында «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы мағұлматтар беру. Тілдік сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Оларды еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу. Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гүлмира жүргізіп, Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі, «Әлемнің екінші ұстазы», түркі ойшылдарының ең атақтысы, данышпан перзенті Әбу Насыр Әл-Фараби болды деп кіріспе сөзбен ашып, ғұламаның өмірбаянымен таныстырып өтті. Шара барысында оқушылар Ақжан әл-Машанидің «Фарабидің толғауы» атты арнауын, сондай-ақ Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қашықтасың», «Бауырым қанша сүйгенмен», «Қағаздың түсіп бетіне» атты шығармаларын, нақыл сөздерін оқыды. Шара сонында «Шығыстың ұлы ойшлылы – Әбу Насыр Әл-Фараби» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.