С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл –Фараби Шығыстың сөнбес жұлдызы» атты таным сағаты


С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл –Фараби Шығыстың сөнбес жұлдызы» атты таным сағаты өткізіліп, шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер қатысты. Мақсаты, ұлы ойшыл, философ, математик Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту, нақыл сөздері мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мұраларын насихаттау, оқушыларға ұлы ғалымның еңбектерін оқуға шақыру. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманына ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Әл-Фараби еңбегін ерекше айта аламыз. Жалпы «жан қуаты» немесе «Өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Әл-Фараби өзінің қолжазбаларын мұра етіп қалдырып кеткен- деп кітапханашы шараны кіріспе сөз бен ашып айтып өтті.Шара барысында ғұлама ғалымның өмірі мен шығармаларына тоқталып, оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқықтану пәндерін қызыға оқығанын, білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған – деп кеш қонағы кітапхананң тұрақты оқырман Мырзаш Бақтияр айтып өтті. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Оның мемлекет, ел басқаружөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Тұңғыш ғылым әлемінде «Екінші ұстаз» атанған адам. Шарады №137 мектептің 7- сынып оқушылары ақын Асқар Тоқмағамбетовтың Әл- Фарабиге арнап шығарған өлеңдері және жазушы Ілия Есенберлиннің «Әл-Фараби» атты толғауынан үзінді оқылды және ғаламдардың Әл-Фараби туралы айтылған естеліктер тыңдалды.«Әбу Насыр Әл-Фараби ұлы ойшыл,ұлы ғалым, ұлы ұстаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырып, Ғұлама- ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби дің еңбектері мен нақыл сөздері, өсиеттері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала бермек деп-кешті кітапханашы Нұрышева Лаура қортындылады.