Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фараби» атты портрет кеші


Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фараби» атты портрет кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Жас ұрпаққа, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен ұлы ғұламаның мұраларынан нәр алып, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өнегелі өмірімен таныстыру, еңбек жолы туралы түсінік беру, рухани асыл-мұраларын насихаттау. Кеш барысында Әл-Фарабидіңөнелері өміржолы, трактартары, ғылыми мұралар жан- жақты таныстырылып, 5-сынып оқушылары Ахат Азамат, Айдосұлы Мұхаммед, Медет Әлия Әбу-Насыр Әл-Фарабидің нақыл сөздерінен үзінділер оқыды. Кешке қатысушы Нұрболатұлы Нұрсұлтан «Желмая» күйін орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Сәттібаева Гүлмира Әл-Фараби туралы өз ойын ортаға салып, балаларды Әл-Фарабидің еңбектерін оқуға шақырды. Кеш соңын кітапханашы қорытындылап «Әбу Насыр әл-Фараби кемеңгерліктің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.