Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби» атты тақырыптық кеші


Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Шығыстың Ұлы ғұламасы-Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мертойына арналған «Әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби» атты тақырыптық кеш мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын түсіндіру мақсатында, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр алғызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Шара барысында Ұлы тұлғаның ғылымға қосқан үлесі туралы таныстыруға бағытталған кездесуде оның өмірінен қысқаша мағұлматтар берілді Бұл мәдени шараның тақырыбы да «Әлемнің екінші ұстазы-Әл-Фараби» деп аталады. Себебі, орта ғасырларда Әл Фарабиден асқан білімдар болған жоқ. Бұл ғалымның еңбектері әлі толық зерттеліп болған жоқ. Осы еңбектерін әлі де тереңдетіп зерттей түсу бұл болашақ жастардың ісі. Сондықтан, осындай мәдени шараны ұйымдастыру арқылы жастарға тәрбие беру үшн, жастардың болашаққа деген ынтасын артыру үшін жасап отырмыз-деді кітапханашы Л.Абдреймова. Шара барысында Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша бейнематериалдар көрсетілді. Ал, мектеп оқушылары Асылзат Асылбекова, Ақбота Жеткергенова, Зехра Махамбетова, Қожабек Жақсылық, Нұрислам Әділбектер ұлы ғалымның трактартарынан үзінділер оқыды. Кітапханашы шара өту барысында жасалынған «Шығыстың Ұлы ғұламасы- Әбу Насыр Әл-Фараби» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.