Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыпттық кеші


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына орай «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тақырыпттық кеш болып өтті. Мәдени шараның мақсатты: оқырмандарды ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірімен ғылыми еңбектерімен таныстыру, тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Мәдени шара өту барысында ғұламаның артындағы мол мұрасынан, нақыл сөздерінен үзінділер оқылып, ғұламаның өміржолымен таныстырылды. Мектеп оқушылары Әл Фарабидің әр түрлі тақырыптағы еңбектерін оқыды. Кітапханашы «Ұлы даланың тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр әл-Фараби» атты кітап көрмеге шолу шасады. Кеш қонағы тарих пәнінің мұғалімі Сәдуақасова Бекзат Әл-Фараби жайлы естеліктер айтып, кешке қатысқан оқушыларға ризашылығын білдірді.