Қалжан ахун ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби мұрасы әлемге ортақ қазына» атты тұлға тану сағаты


Қалжан ахун ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фрабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби мұрасы әлемге ортақ қазына» атты тұлға тану сағаты мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді. Кештің мақсаты: Оқушыларға Ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы кең түрде мағлұмат беру.ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру; жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, Әл-Фарабидің мұралары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру. Шара барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмаділ Самат Әл-Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтып өтті. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән –маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор роль атқарды деп атап өтті. Әл-Фарабиге арнап жазған М.Шахановтың «Арман» атты өлең жырынан Әбетов Нұрлыхан мен Сұлтанбекова Нұрбибі үзінді оқып берді. Ел қорғаған батыр бабаларымыз бен ақын, ғалымдарымызды насихаттау – бәрімізге парыз. Кеш соңында кітапханашы «Әбу Насыр Әл-Фараби және оның мұралары» атты кітап көрмесімен таныстырды.