Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Шығыстың сөнбес жұлдызы» атты тақырыптық кеші


Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Әлемге әйгілі ойшыл, философ, астроном, ботаник, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидың туғанына – 1150 жыл толуына орай «Шығыстың сөнбес жұлдызы» атты тақырыптық кеші өткізіліп, шараға мекеме қызметкерлері, ардагерлер, мұғалімдер және №44 орта мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы Н. Жуматаева – Әлемге әйгілі ойшыл, философ, астроном, ботаник, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидың өмір жолдарымен, нақыл сөздерімен, таныстырып өтті. Сонымен қатар оқушылар Рахат Бота, Зарқұм Алтын, Дінслам Назымдар Фараби аталары жайлы деректермен таныстырды. Кеш барысында Әль- Фараби аталарының ұлы философтық дана ойлары, ғылыми мұралары және музыкалық ілімдері жайлы жан- жақты мәліметтер беріліп, өз заманының ғұлама оқымыстысы, ұлы энциклопедист ғалым «Шығыс Аристотелі» атанған Әбу Насыр Фарабидің ғылыми бай мұралары біз үшін әлі де ұрпақ кәдесіне жаратылып отырғаны жайлы айтылып, кітапханашы Н. Жуматаева «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы – Әл – Фараби» атты кітап көрмесімен таныстырып шолу жасады.