«Әл-Фараби – қазақ руханиятының сардары» бір тұлға сағаты
«Әл-Фараби–қазақруханиятының сардары»бір тұлға сағаты
Мақсаты: Оқырманға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жаң-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу. Білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуге шешім қабылданды. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ОНЛАЙН режимінде «Әл-Фараби-қазақруханиятының сардары»бір тұлға сағаты оқырманға ұсынылды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, ауданымыздың ардагерлері Х.Әбенов және М.Елеусінов ағайларымыз, белсенді оқырман Мая Қожабай ғұлама жайлы тұжырымды ойларымен бөлісті.