№ 1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Әбу Насыр Әл-Фараби» атты бір тұлға сағаты


№ 1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фараби атамыздың туғанына биыл 1150 жыл толуына орай оқушылар мен оқырмандар арасында кең насихаттау мақсатында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Әбу Насыр Әл-Фараби» атты бір тұлға сағаты болып өтті. Кешке №210 мектептің 6 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары және ҮЕҰ-м мүшелері қатысты. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып ұлы философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің шығармашылғы жайлы сөз қозғады. Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар “Барба-Фараб” деп атап кеткен. Сондықтан “әлемнің екінші ұстазы” атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Ол 70-ке жуық тілді меңгергендігі жайлы айтып өтті. 7сынып оқушысы Балашбек Қарақат Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірдерегімен таныстырып өтті. Шара барысында мектеп оқушылары ақындарымыздың Әл-Фарабиге аранған өлеңдерін жатқа айтты. Атап айтар болсақ ақын А.Тоқмағамбетов «Әбу Насыр Әл-Фараби» өлеңін Балашбек Қарақат айтса, ақын Жұмаш Кенебаевтың «Керуен желі» поэмасы бойынша «Жұмбақ адам» атты өлеңін Мергенбай Дильназ, ақын Қадыр Мырзалиевтің «Әл-Фараби» өлеңін Тәліпова Ақбота, ирак ақыны Салех Махди Аммаштың «Әл Фарабиді еске алу» өлеңін Тәжібаева Айдана жатқа оқыды. Шара барысында, аудан ардагері, ұстаз Елеусінов Мектепхан ағай: Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды –деп, шараға қатысып отырған жастар, оқушылар осындай ғылым жолында еңбек ету керектігін, білімдерін шыңдауға шақырды. Кеш соңында ғұлама ойщыл, философ Әбу-Насыр Әл-Фарабиге арналған«Әл Фараби -дара тұлға» атты ведиоролик көрсетіліп, арнайы әзірленген «Әл Фараби әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама» атты кітап көрмесімен таныстырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.