№ 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы» атты тарихи-таным кеші


№ 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы» атты тарихи-таным кеші өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға, оқушыларға Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы мағұлматтар беру. Тілдік сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Оларды еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу. Мәдени шараны кітапханашы Бодыбаева Кенжегүл жүргізіп, Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі, «Әлемнің екінші ұстазы», түркі ойшылдарының ең атақтысы, данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби болды деп кіріспе сөзбен ашып, ғұламаның өмірбаянымен таныстырып өтті. Шара барысында оқушылар Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қашықтасың», «Бауырым қанша сүйгенмен», «Қағаздың түсіп бетіне» атты шығармаларын жайлы мағұлматтар беріліп, нақыл сөздерінен үзінділер оқылды. Шара соңында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы-Әл -Фараби» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.