«Үш тілділік білімді ұштайды» атты тіл сайысы


Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен наурыз айының 15 жұлдызында «Үш тілділік білімді ұштайды» атты тіл сайысы өтті.

Тіл адам баласының басты қазынасы. Тіл халықтың жан дүниесі, рухани негізі,ел еркіндігі,ұлтты танытатын басты белгі. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті Егеменді Қазақстан тұғыры рухани құндылықтарға негізделген, бұл біздің мемлекетіміз ұстанып отырған саясатымыздың басты қағидасы. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі қазығы – Елбасы ұсынған бес институттық реформа мен содан туындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары екендігі белгілі.Осы маңызды құжаттың 79- қадамында білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО- дарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшудің қажеттігі айтылған.Мұндағы басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Ал біздің мақсатымыз болашақ маман жастардың қай-қайсысына да өз ана тілін,өзге де тілдердің бәрін білгеннің еш зияны жоқ екенін ұғындырып,тек Қадыр ақын айтқандай, «Өз ана тіліміздің де қадірін әр кез біліп жүрейік» дегенді баса жеткізу еді. Сайыс барысында осындай биіктерден көріне білген №36 мектеп-лицейдің ұстаздары А.Ерғабылова,А.Ибраева және №35 мектеп-лицейдің ұстазы А.Жәкиевалар болды.