«Кітап – әлем жаршысы» атты мерекелік кеш


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап – әлем жаршысы» атты мерекелік кеш мектеп мұғалімдері, кітапхананың белсенді оқырмандары мен мектеп оқушыларының қатысуымен өткізіліп, шараға 45 адам қатысты. Шаранының өткізу мақсаты: Бүкіл әлемдегі кітаптар мен авторларға құрмет көрсетіп, кітап оқуға тарту, кез келген жастағы адамдарды кітап оқуға ынталандыру, кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, оның мүмкіндігін шексіз ететінін, жақсы өмір сүруге жол ашып, бейбітшілікті сақтауға көмектесетінін насихаттау.Тағылымды кешті кітапхана әдіскері И. Қартбаева жүргізіп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнінің шығу тарихымен таныстырып өтті. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 1 филиал кітапханасының кітапханашысы Л. Серікбаева кітапханаға «Арнау» өлеңін оқыды. Кітапхананың белсенді, тұрақты оқырмандары, ауданымыздың құрметті азаматы Р. Бәйменов, журналист Ш.Нұрсейітов, әуез мектебінің мұғалімі Қ.Нұрабаев және тағы басқалар сөз алып, кітаптың баға жетпес байлық, рухани зор құндылық екенін атап өтті. Кітап ханшайымы келген қонақтармен қазыналы кітаптар еліне саяхат қонақтармен бірге жасады. Құрметті қонақтар «Бабадан қалған байлығым» атты кітаптар елінде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш, шешендік сөздермен танысса, «Тарихи тұлғалар тағлымы» атты кітаптар әлемімде тарих толқынында қоғамның өсіп- өнуін, өз елінің дамуы үшін ат салысқан, қазақ даласының дана билер, хандары және би-шешендер даналық сөздерімен сусындалды, «Өлең- сөздің патшасы» атты поэзия елінде, Поэзия падишахы- Мұғағали Мақатаевтың, Сағыныш ақыны- Төлеген Айбергеновтың, Қазақтың Карчагені аттанған – Зейнолла Шүкіровтың өлеңдерін тыңдап шат- шадыман болды. «Медиотека- жаңа ақпарат ғасыры» атты жаңа технологиялармен жабдықталған кітаптар елінде Электронды оқулықтар мен СД-диск және жаңа бағытта жұмыс жасайтын компьютерлермен танысты, «Жаратылыстану дүниетаным қақпасы» атты кітаптар елінде қазіргі ғылыми – техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып атты жартылыстану пәндерімен танысып, «Балалар әдебиетінің базарлығы» атты бөлімінде балалар жазушылары Ыбырай Алтынсарин, Бердібек Соқпақбаев және Адырбек Сопыбековтің шығармалары насихатталды. насихатталды. Шара барысында арнайы жасалған «Жастар оқитын-100 кітап» атты кең көлемді, ауқымды, тақырыпты кітап көрмесімен таныстырылды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты тоқ шоу ойыны қызықты өткізіліп, ойын жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.