«Достық жырын шырқаймыз» атты көркем сөз оқу сайысы


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін, оқушының жүрегіне өз ұлтының тілін, елін, жерін сүйюге, халқын және қазақ ақындарының шығармаларын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Достық жырын шырқаймыз» атты көркем сөз оқу сайысы болып өтті.Сайысқа барлығы 13 талапкер қатысып ОТан, туған жер, ана, Қазақстан, бейбітшілік туралы ақындардың жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Әділ қазылар ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Құрақбай Жадыра, көркемөнерпаз Юсупова Шолпан,және «ізденсем, білсем» танымдық клубтың мүшесі Алтынбеков Жандостың шешімімен бірінші орынды Аманкелді Гүлназ, екінші орынды Мұхамбетқалиева Мақпал, Найманова Балжан, үшінші орынды Алтынбекова Меңсұлу, Ерназарова Сезім, Алмат Дилназдар иеленді. Қалған қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс барысында сөз ауыл тұрғыны кавказ ұлтының өкілі Бабижева Лариса өз ата-анасының Қазақстанға қалай келгенін және өзінің қазақ елінде өмір сүріп, отбасын құрып қазақ азаматтарын тәрбиелеп жатқанына қуанышты екенін айтып талапкерлерге сәттілік тіледі.кеш соныңда кітапхана залында ұйымдастырылған «Мәңгілік ел-жасампаз ел жасампаз елдің жарқын болашағы атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып өтті. Нәтижесінде кітапханаға бір оқырман тіркеліп, оқырман Бабижева Лариса Увайсовтың «Дагестанцы в Казахстане» атты кітабын жаздырып алды.