«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты мерекелік кешi


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастырумен 1 Мамыр Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күніне орай «Ел бірлігі –ең асыл қасиет» атты мерекелік кеш өткізілді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Мерекелік кеш өзге ұлт өкілдерімен, жіне №210, №36 мектеп-лицейінің оқушыларымен өтті. № 210 мектеп оқушылары Қанатқызы Назым, Уалиханова Аружан, Абдуллаева Аружан т.б. ақын- жазушыларымыздың –Достық, Татулық, Ынтымақ жайлы өлеңдерін оқыса, Әуез мектебінің оқушылары Бағдаулет пен Фархат ЖЕНПИ студенті Мұқаметқали Аружан қатысып, Сүйкен Тұрлыбековтың «Еркесылқым» куйлерін айтты. Шара барысында өзге ұлт өкілдері Мила апай, Женя, Сайора Қазақстанда тату тәтті өмір сүріп жатқанына қазақ еліне рахметін айтып Татулық жайлы өлеңдерін айтып берді. Шара сонында аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры Нұржакиева Гулстан апай сөз сойлеп, ардагерлерге рахметін айтып шараны аяқтады.