«Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты Ұлы ерлікті таныту сағаты


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі» атты Ұлы ерлікті таныту сағаты № 35 мектепің 5 сынып оқушыларымен өткізілді.

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Жеңіс күні – Бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Соғыс ардагерлеріне құрмет, көмек көрсету, ардақтау, сыйлау, қадірлеп жүруді насихаттап отыру.

Мектеп оқушылары қазақ ақындарының «Майдангерлер», «Екеуін де көтерді ол», Ж.Молдағалиев «Мен соғысты жек көрем!», Қ.Жұмағалиев «Соғыс», Қ.Әбдіқадыров «Жеңіс күні», Т.Молдағалиев «Болмасын соғыс», «Сен құрметте оны» атты өлеңдерің жатқа айтып берді. Оқу залында «Ұрпақтар ұмытпайтың Ұлы Жеңіс» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Мәдени шараның нәтижесінде кітапханаға жаңадан 4 оқырман тіркеліп, 6 кітап оқуға берілді.