«Елді қорғау – ер парызы» атты тақырыптық кешi


Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елді қорғау – ер парызы » атты тақырыптық кеш № 44 орта мектептің төменгі 4-5 сынып оқушылары, оқытушылары арасында өткізілді.Тақырыптық кеш барысында «Сенің Отан алдындағы борышың», «Еліміздің Қарулы күштері» атты тақырыптар бойынша оқушылар ұлттық әскерімізбен, қазіргі кезеңдегі жетілген қарулы күштер техникаларымен қысқаша танысты. Кеш барысында әскери пәннің мұғалімі Н. Қосбақов жауынгерлер жайлы қызықты әңгімелер айтып, балаларды елін, жерін қорғауға әрқашанда дайын болуға әскер қатарында болу әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігін, отанды сүйіп өсу керектігін айтты. Кеш барысында «Қарулы күштер – біздің айбынымыз» атты кітаптар көрмесімен таныстырылып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.