«Әскері мықты елдің іргесі берік» атты танымдық кеші


Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Карулы Күштер күніне-25 жыл толуына орай «Әскері мықты елдің іргесі берік» атты танымдық кеші кітапхана оқырмандары және №210 мектептің жоғары сынап оқушыларымен өткізіліп, шараға 16 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Жас жеткеншектерді ата – бабамыздың қасық қанымен жеткен кең байтақ еліміз бен жерімізді қорғауға, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, патриоттық сезімін ояту. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында атап көрсеткендей ұлтаралық достық пен бейбітшілікті сақтауды насихаттау.Шараны кітапхана қызметкері Л. Жұмабаева кіріспе сөзбен ашып, 1992 жылы 7 мамырда Елбасымыз Тәуелсіз елдің әскери кауіпсіздік жүйесін құруда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойғаны жайлы айтып, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз туралы жан-жақты мағлұматтар беріп өтті. Мектеп оқушылары Өмірғалиев Арман, Төребек Ерасыл, Ерғабылова Алуа, Қайратқызы Гүлсән, Жұмабаева Назым, Әлиева Қарақат, Айбекова Нұрайымдар қазақ ақын-жазушылардың «Бейбітшілік сақталады», «Шекара», «Қазағым», «Сарбаздар маршы», «Жас ұлан» атты өлең жырларын жатқа оқып, көрермендердің ыстық ықылсына бөленді. Кітапхана қызметкері Ж. Оразымбетова «Ұлт сарбаздары – ел қорғаны» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Шара нәтижесінде кітапханаға жаңадан 2 оқырман тіркеліп, 5 кітап оқуға берілді.