«Жаралы жылдар жаңғырығы» атты жыр сағаты


Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының  ұйымдастыруымен Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, ұлттық  рухты жандандыру, халқымыздың тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын шыңдау, Отан үшін от кешіп, ел рухын көтерген ерлеріміздің есімдерін мәңгілік есте ұстауға тәрбиелеу мақсатында  Қызылорда облысы  Мәдениет басқармасының бастамасымен 2010 жылы Алматы қаласының тіл оқыту әдістемелік орталығынан 204 беттен тұратын  «Майданнан хат» атты кітабы бойынша «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты жыр сағаты 5 мамыр күні сағат 15- 00 де кітапхананың оқу залында өтті. Сұрапыл да сұм  өлім аузын ашқан, Қарсы тұрды жас қазақ қаймықпастан -дегендей, сұрапыл соғыс жылдарында оқ пен оттың астында туған жері, ел үшін жанын шүберекке түйіп, етегімен су кешіп, қар жамылып, мұз төсеніп жүріп, ел қорғаған абзал аталарымыздың  қан майдан даласынан қанды сиямен жазылған  87 жауынгер ақынның  елге жазған өлең хаттары  бойынша   өткен  поэзия кешіне №174 Т. Айтбаев атындағы мектеп оқушыларымен  ауылдың тыл ардагерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында тыл ардагерлері Мамытов Керейтбай ата, Әужанов Шайзада аталар  соғыс кезінде өздерінің басынан өткен уақиғаларымен елдің ауыр тұрмысын айтып жастарға бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатырсыңдар осы бақытты  елді мекендеген сендер  сабақтарынды жақсы оқып ата-ана мен елдің үмітін ақтауларын керек жастарға алғыстарын білдіріп өтті.Ұстаз Бисенбаев Қуанышбек ағай ардагерлерді мерекесімен құттықтап бүггінгі шараны ұйымдастырушы кітапханашы мен оған қатысып өз үлестерін қосып отырған ауыл жастарына оқушыларға алғысын білдіріп өтті.Кітапханашы  « Өмір құндылығымен келген ұлы жеңіс»  атты кітап көрмесімен таныстырып  өтті нәтижесінде оқырман ардагер Құрақбаев Махатай  Қаһарман қыз Хиуаз атты кітапты жаздырып  алды. Кеш сонында  кітапханашы тыл ардагерлеріне Б. Кәрібозұлы, К.С. Сарышова, Б.М.Ахметбектің «Нағи Ілиясов атындағы ауыл «Абзал және компания» толық серіктестігі атты Астана қаласының «Фолиант» баспасынан 2016 жылы үш тілде шыққан кітабын сыйға табыс етті.