«Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты тарихи-таным кеші


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 9 мамыр- Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай аудандық орталық «Тағзым» алаңында «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты тарихи – таным кеші кітапхана оқырмандары және №210 мектептің 8 сынап оқушыларымен өткізіліп, шараға 19 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары жайлы мағлұмат беру. Жас жеткеншектерді отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Кешті кітапхана қызметкері Д. Пазылбекова жүргізіп, Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмегенін, дүние жүзін дүр сілкіндіріп,4 жылға – 1418 күн мен түнге созылғанын, осы соғыста миллиондаған адам өмірін талқандап, жер бетін жайпап өткендігін, тарихи тұрғыдан бұл соншалықты ұзақ мерзім емес, бірақ ол жылдардың қасіреті мен құдіреті сонда- Еліміз, бүкіл адамзат міне 72 жылға жуық сол қаһарлы күндерді үнемі еске алумен келе жатқанын, соғыстың Отанымызға, елімізге, жерімізге тигізген зардаптары жайлы мағлұматтар беріп өтті. Мектеп оқушылары қазақ ақын- жазушыларымыз Қ. Жұмағалиевтың «Намысынан халқының жаратылған» атты өлеңін Өмірбекова Жібек, ақын Ж. Өмірбековтың «Жеңіс жыры» өлеңін Күнсұлу Арықбаева, ақын Қасым Аманжоловтың «Жауынгер жыры» өлеңін Жұмағалиева Мөлдір, «Біз – Отанның солдаты» өлеңін Қанатқызы Назым, ақын Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін Ағындықова Айда, М. Әлімбаевтың «Соғыстан соңғы ән» атты өлеңін Абдуллаева Аружандар жатқа оқып, кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.Кеш соңында « Ұрпақтап ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.