«Жеңіс жаңғырығы – ұрпақтар есінде» атты тарихи танымдық кеш


№ 1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс мерекесінің 72 жылдық мерекесіне орай «Жеңіс жаңғырығы – ұрпақтар есінде» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Кеш кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді. Кешке ауыл ардагерлері мен тылда еңбек еткен аналарымыз, ұстаздар шақырылған. Кештің мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға, Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Кеш сахналық көрініспен ашылады Сахнада әңгіме-дүкен құрып әзілдесіп жүрген құрбы қыздар мен көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер кенеттен радиодан суық хабар беріледі, жастардың үрейі ұшып, жүргендері бейнеленеді. Жүргізушілер Кенесариева Нұрила мен Раушанбек Сұңғат кешті бастап кетеді. Көрініс майданға бірі баласын, бірі сүйген жарын шығарып салып тұрады. Бір топ оқушылар майдангерлер туралы өлең жолдарын оқиды. Тылда еңбек еткен ата-әжелерімізге мың алғыс айтып сыйлықтар таратылды. Әже, аталарымыз жастарға бәте-тілектерін берді. Жас әншілер мен бишілер, ән шырқап, би биледі. Кеш соңында «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға шолу жасалды.