«Нәубет жылдар шежіресі» атты тарихи танымдық кешi


Айдарлы ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапхана мен клуб үйі бірлесе отырып «Нәубет жылдар шежіресі» атты тарихи танымдық кеш өткізді. Кештің мақсаты: Білім алушы жастарға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.Кешті жүргізушілер Кенесариева Нурила мен Оспанов Орынбай сахна сыртында өлең оқып, мектеп оқушылары хормен «Ерте салған гүлдер» әнін орындайды. Ауыл тұрғындарына ауыл әкімі Ғани Дүйсебеков келешекте еліміз аман болып, бейбітшілік заманда емін-еркін өмір сүріп, жастарымыз ерінбей еңбек етіп, Қазақстан халқының гүлденуіне ат салысып жүрулеріне тілегін білдіріп, Саяси қуғын-сүргін кезінде опат болған бабаларымызды 1 минут үнсіздік пен еске алуды жөн санады. Экраннан «Алаш зиялылары» бейнефильімі көрсетіліп тұрды. Жүргізушілер кезек-кезек 1930 жылдардағы ашаршылық пен 1937 – 1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргіннің зардаптарын айтса. Бір топ оқушылар Қалдыбек Еңлік, Калим Жібек, Әлайдар Гүлнұр, Нуридин Гүлнұр т.б. қазақ зиялыларының өлеңдерін оқыды. Сахнада клуб қызметкерлері Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемінен «Тас пен ас» (Алжир лагеріндегі әйелдерге жергілікті халықтың тамақ ретінде талжау етсін деп құрт лақтыруы). Көрініс көрсетіп көпшілікті бір тебірентті. Кеш қонақтары осы кештің өтуіне ат салысқан оқушыларға, кітаптарға қызметкерлерге алғыстарын айтып, келешекте бұндай солақай саясаттың болмауына еліміз аман жұртымыздың тыныш болуын тілейтіндерін білдірді. Кеш соңында кітапханашы «Ұрпақтардың зердесін – өшіре алмас ғасырлар» атты кітап көрмесімен таныстырып библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында кітапханаға 2 оқырман тіркелді.