«Өткенге тағзым, тарихтан тағлым» атты тарихи танымдық кешi


Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және алаш партиясының 100 жылдық мерекесіне орай «Өткенге тағзым, тарихтан тағлым» атты тарихи танымдық кеш кітапхананың оқу залында 31 мамыр күні сағат 10-00 де өтті. Кешке кітапхананың белсенді оқырмандарымен қатар зейнеткерлер, ауыл әкімшілігін қызметкерлері қатысты. Оқушылар Құрманалиева Жаннұр Б. Майлиннің «Аштық құрбаны» атты әңгімесінен үзінді оқыса, Мұхамбетқалиева Мақпал ақын С. Сейітовтың «Ақтаңдақ», Алтынбекова Меңсұлу С. Торайғыровтың «Алаш ұраны», Қалыбекова Перизат ақын Ілияс Омаровтың «Ахмет Байтұрсынов» атты жыр жолдарын жатқа оқыды.Кешке қатысушы Қаймолдаев Анықбек ағай өзінің анасының нағашы ағасының 1888 жылы дүниеге келген Табынбаев Ембергеннің 1927 жылы Ташкент қаласында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған мерей тойын өткізгенде баяндама жасағанын жалпы қазақтың 1 сьезіне делегат болғанын қатысқанан және сол зобалаң заманың 1933 жылдың 19 ақпанында бір дорба бидай үшін ұсталып сотталғаны жайлы өз анасынан естіген әңгімесін айтып берді. Кітапханашы кеш барысында қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына араға жарты ғасырға жуық уақыт салып, зорға жетті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих-өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзетуіміз керек деген сындарлы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты, егемендіктің ширек ғасырында ел тарихының көмескі беттері қайта ашылып, мемлекетіміздің соңғы жүз жылда жүріп өткен сүрлеуіне жаңаша баға берілуде екенің айта отырып «Алаш партиясының идеясы тәуелсіз Қазақстан» және «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Нәтижесінде кітапхана оқырмандары зейнеткер Қаймолдаев Анықбек «Красный террор», Жүркеев Жарқынбек Құттыбай Сыдықтың «Босқындар» кітабын жаздырып алды сонымен қатар кітапханаға жаңа бір оқырман зейнеткер Есжанов Мәжит ағай тіркеліп Т.Тілеуханның «Отыз жетінші жылдың балалары» атты кітапты жаздырып алды.