«Балалар біздің болашағымыз» атты балалар ертеңгілігі


С.Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым- балаларды қорғау күніне орай №137 мектептің жанынан құрылған «Өркен» тынығу лагерінде «Балалар біздің болашағымыз» атты балалар ертеңгілігі болып өтті.

Шараның өту мақсаты: Балалардың жеке қабілеттерін дамыту,тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды нақышына келтіріп айтуға баулу,жан- жақты өнерлерін көрсетуге үйрету. Шарада кішкентай бүлдіршіндер балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының «Әке», «Сыйлық»,»Жаз»,»Достық туралы» «Ана», «Отан» атты әндері орындалды.Мерекелік шарада Бір топ оқушылар «Гүлдер» биін биледі. «Кітапты оқы, зердеңе тоқы», «Кітап сенің – ақылшы досың» атты жаңадан келіп түскен әдебиеттерге кітап көрмесі жасалды. Кеште ең жақсы өнер көрсеткені үшін «Қызғалдақ» тобы 1- шіорынға ие болып сыйлықтармен марапатталды.Кеште сөз сөйлеген «Өркен» тынығу лагерінің тәрбиешісі Буршиева Зәуре апай бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап зор табыс тілеп,сыйлықтар мен тәттілер таратты. Мерекелік кештің өтуіне орай кітапханашы кітап қорына келіп түскен қызықты ертегілер және тағы да басқа қызықты, тартымды балаларға арналған кітаптардан көрме әзірлеп, балаларға ұсынды.